Катманду әуежайының қызметкерлері қалтасы жоқ шалбар киетін болды

КАТМАНДУ.  Шілденің 3-і.  ҚазАқпарат   - Непалдың  елордасы  -Катмандуда   айрықша бастама  қолға алынуда.   Катманду әуежайының    басшылығы         халықаралық    әуежайдың  қызметкерлеріне    қалтасы жоқ шалбар  кию туралы    нұсқау  беріп    отыр. 
None
None

 Әуежай әкімшілігі  осылайша     парақорлықпен және заңсыз алымдармен  күреспек,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Егер  қалтасы   жоқ  болса,   олар  жұрттан  бопсалап    ақшаларын  тығатын   жер  таппай  қиналатыны анық, дейді   қызметкерлердің  бірі.

Бұл шара  әуежай  қызметкерлерінің   үстінен  түскен  арыз-шағымдардың көбеюімен байланысты  қабылданып  отыр.

Соңғы жаңалықтар