Катонқарағай ұлттық паркінде тағы бір ілбіс фототұзаққа түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Парктің өзге бір түкпіріне орнатылған фототұзақ тағы бір ілбісті тіркеді. 

Катонқарағай ұлттық паркінде тағы бір ілбіс фототұзаққа түсті
Фото: Ұлттық парк

Бұл — жуырда үш аланымен бірге жарияланған аналық ілбіс емес. Жаңа тіркеу парк аумағында өзге де ілбістердің тіршілік ететінін дәлелдейді.

Катонқарағай ұлттық паркінде тағы бір ілбіс фототұзаққа түсті
Фото: Қазақ орманы

Боранға байланысты көріну деңгейінің төмендігіне қарамастан, ілбіс фототұзақ объективіне ілігіп үлгерді.

— Жарияланымда фототұзақтан алынған түпнұсқа кадрлармен қатар, жасанды интеллект көмегімен сапасы жақсартылған нұсқалар да ұсынылды. Өңдеу тек суреттің анықтығын арттыру мақсатында жүргізілді, — делінген хабарламада.

Катонқарағай ұлттық паркінде тағы бір ілбіс фототұзаққа түсті
Фото: Қазақ орманы

Айта кетелік Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында үш күшігімен (аланымен) жүрген ілбіс фототұзаққа түсіп қалған еді.