Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою проблемасын шешу тәсілдерін өзгерту қажет - Б.Сағынтаев

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою проблемасын шешу тәсілдерін өзгерту қажет. Бұл пікірді бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев білдірді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою проблемасын шешу тәсілдерін өзгерту қажет - Б.Сағынтаев

«Біз әзірше жағдай жасауымыз қажет. Жақсы, әзірше зауыт салған жоқпыз. Онда оларды жинайтын, жинақтайтын орын, былайша айтқанда қойма дайындайық»,- деді ол.

Осы ретте Б.Сағынтаев бұл мәселені Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп шешуі тиістігін баса айтты. «Бұл мәселені көрсету қажет. Бизнес қалыптасқан фабула бар екендігін көргеннен кейін келер. Сондықтан да біздің бұл ретте тәсілдеріміз өзгеруі тиіс», - деді ол.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, елімізде жыл сайын 4,5 млн. тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылады.