Қатысушылар легі күн санап артуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесінің тамырына қан жүгіріп, қалыпты жұмыс істей бастағанына он күннен асты. Алғашқы аптыққан алшапқын кездей емес, Көрме павильондары есігін айқара ашып, халық болашақтың энергиясы дейтін небір ғажайып, сиқырлы дүниелерді қызыға тамашалауда.
ЭКСПО кезінде көлеңкелі жолдармен Көрме алаңына өтіп кетуге тырысқандар да кездесті. Мәселен, бірінші күні Шымкентте сатылған 100 билеттің, екінші күні 70 билеттің жалған екені анық¬талды. Әр билеттің өз коды бар, сон-дықтан көшіріліп басылған билеттермен келгендердің жолы кесілді. Қазір жағдай қалыпқа түсті.
Барлық павильондарға екі миллионнан астам адам келген. Көрменің негізгі нысандарын тамашалаған адамдар саны - 167 884. Оның ішінде басты нысан - «Нұрлы әлемге» 86,5 мың адам кірген.
«Біздің есебіміз бойынша ЭКСПО-ға 6 мыңнан астам шетел азаматы келді. Екі мыңдай зейнеткер, мүгедек жандар, 14 мыңдай оқушы, студенттер осында ат басын тіреді. Көрме аумағында 281 ойын-сауық және іскерлік іс-шара, 50-ден астам хаттамалық іс-шаралар өткізілген. Хаттамалық іс-шараларға мемлекет басшылары, министрлер, павильон басшылары қатысты», - дейді атқарушы директор.
Көрмедегі халықаралық ¬павильондарда бір аптаның ішінде 16 мемлекеттің басшылары бас қосты. Олардың арасында Испания королі, Пәкістанның премьер-министрі, ТМД елдері басшылары және басқалар бар. Көрме аяқталғанша тағы 7 мемлекеттің басшысы келеді деп күтілуде.
Халықаралық қатысу¬шылармен жұмыс жөніндегі департамент басшысы Илья Оразақовтың айтуынша, павильондар арасында қазірше жұртшылықтың қызығушылығын тудырған - Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, Үндістан, Малайзия, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тайланд павильондары.
Алғашқы аптаның өзінде 8 ел өздерінің тақырыптық іс-ша-раларын өткізіп үлгерген. Өйт¬кені Көрме тек павильондарды көр¬сетумен ғана шектелмейді, оған қатысушылардың белсен¬ділігі де жоғары бағаға ие болады. Мәселен, Қытай «Пекиннің іскерлік апталығы» деген тақырыпта түрлі семинар, кездесулер өткізді. 12 елдің павильондарында қосымша тамақтану орындары, кафе, ұлттық тағамдар дәмханасы жұмыс істей бастаған. Көрменің соңына дейін күн сайын ұлттық күндер шарасы өткізіледі.
Әсіресе шет мемлекеттерден келіп жатқан қонақтар Қазақстан азаматтарының қонақжайлылығы, ашықтығы мен бауырмалдылығын ерекше атап өтуде. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып жатқан Мажарстан ұлттық комиссары Нандор Картесзи журналистерге берген сұхбатында былай деді:
«Қазақстанда маған бір нәрсе ұнайды. Ол - жергілікті адам-дардың отбасы құндылықтарын бағалай білуі. Бұл жағынан мажарлықтар қазақтарға ұқ¬сайды. Алайда, Шығыс Еуропада олай емес. Ол жақта ата-аналар өз балаларына көмектеспейді. Баласын өсіріп жеткізеді де, «Енді, өз наныңды өзің тап!» деп жібере салады, бір сөзбен айт¬қанда, баласының шаруасына араласпайды. Ал қазақтар болса, отбасының бірлігін қатты сақтайды. Сосын өз туыстарына ылғи көмек¬тесіп отырады». Ко¬миссар жұбайының осы жақтағы бір құрбысын еске алды.
Оның ай¬туынша, қазақтың келін¬шегі тұрмысқа шығып, бала тапса да,баспананың болмағанына еш алаңдаған жоқ. «Біз айтамыз, Мәди¬на, енді қай жерде тұрасың? Отбасың бар, балаң бар. Баспана керек қой. Ол еш қиналмай¬тынын, баспана алғанша ата-аналарының қолында, я болмаса, туған-туыс¬тардың үйінде тұра беретінін жеткізді. Сол кезде мен қазақ халқының осы бір ұлттық қасиетіне шын жүректен риза болдым», - деп атап көрсетті комиссар.
Нандор Картесзидің Қазақстанға келгеніне бес жылдан асты. Содан бері Астанаға да, жергілікті халыққа да бауыр басып қалды. Астана мен үшін ыстық. Мен осы жердің аязына да үйреніп алдым. Биыл қыста Будапештте қар жауды. Сонда туыстарым қоңырау ша¬лып, ауа температурасының -15 градусқа дейін түсіп кеткенін айтып, байбалам салды. Мен оларға бұл түк те емес, Астанада -30 градус суық деп айттым», - дейді мажар бауырымыз.