Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Баймукашев Мурат Калибекович
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.