Қай банк мемлекеттен алған көмегін толығымен қайтарды
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің екінші деңгейлі банктері мемлекеттен көмек ретінде алған қаражаттарының 700 млрд теңгеден астамын қайтарды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
— Соңғы 1-2 жылда Halyk Bank 250 млрд теңге қайтарды. RBK банк толық өтеді. Ол кеше 178 мрлд теңгені қайтарып, мәмілені жаптық. Биыл олар жалпы шамамен 230 млрд теңге қайтарған еді. Nurbank шағын банк болғандықтан мемлекеттік көмек көлемі де шағын болатын. 4,5 млрд теңгені қайтарды. Alatau City Bank өткен жылы 100 млрд, биыл 150 млрд теңге өтеді. Центркредитбанкі 60 млрд теңгені толық қайтарды, — деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, соңғы 2 жылдың ішінде банктер 700 млрд теңгеден астам мемлекет көмегін қайтарып берді.
— Қазіргі уақытта мемлекеттік көмек Nurbank баласында қалып отыр. Ол — шағын және айналымы да үлкен емес банк. Сондықтан көмекті уақытынан бұрын кезең-кезеңмен қайтарады. Еуразиялық банк пен Alatau City Bank мемлекеттік көмек қалып отыр, — деді Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтады.