Қай облыста жол жөндеу жобалары көп

Ремонт дорог улицы көше жол жөндеу
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Марат Қарабаев жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының басым бөлігі қай өңірлерде жүргізілетінін айтып берді.

«Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қостанай облысында 823 км жол, еліміздің шығыс аймағында — 383 км, Ақтөбе облысында — 381 км, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сәйкесінше 358 км және 283 км жолды жөндеу жоспарда бар», — деді министр.

Марат Қарабаев жол жөндеу жұмыстары көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде бұл шаралар елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал етпек. 

Құрылыс барысында жолдардың беріктігін арттыру үшін озық технологиялар мен материалдар қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

Автомобиль жолдары комитетінің ақпараты бойынша, жөндеу жұмыстары жоғары сапаны қамтамасыз ететін заманауи стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар