Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қайрат Әбдірахманов Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты. Отырыс ертеңгі VI Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қарсаңында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Әбдірахманов Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

Министрлік кездесулер Түркі кеңесі мемлекет басшыларының кездесулері мен шешімдерін дайындаудағы негізгі және ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын өткізіледі.

Министрлер күн тәртібіндегі жобалар мен қорытынды құжаттар бойынша уағдаласады және бұл құжаттарға мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылады.

«Кездесу қорытындысы бойынша, 2012 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің бастамасымен құрылған Түркі академиясы және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бірқатар келісімдері мен құжаттарына қол қойылды. Аталған құжаттар жаңа түрік институттарының ұйымдастырумен қаржылық қызметін реттейді және олардың түркі әлемінің мемлекеттері мен халықтарының игілігі үшін одан әрі жемісті жұмыс істеуіне ықпал етеді», -делінген ҚР СІМ Баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Сонымен бірге, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің арнайы шешімімен Мажарстан Түркі академиясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Еске сала кетсек, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. Қазіргі уақытта Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді. Түркі кеңесінің Бас хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан.

null