«Қайрат» — «Астана»: Алматыда стадион жанында көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының шешуші — 26-туры өтеді.

Стадион
Фото: ҰОК

Алматы қаласының полиция департаменті «Қайрат» пен «Астана» футбол матчының өтуіне байланысты 12:00–ден 18:00–ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен — Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады.

— Азаматтарды қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, бұған дейін «Астана» мен «Қайрат» соңғы турда чемпиондыққа таласатынын жазғанбыз.

Ел чемпионатының 25-турында «Қайрат» сырт алаңда «Қызылжарды» жеңіп, турнирлік кестеде көш бастады.

Одан кейін «Қайрат» өз алаңында «Пафоспен» тең ойнады.

Соңғы жаңалықтар