«Қайрат» футбол командасы жаңа маусымға қатысатын құрамын таныстырды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматылық «Қайрат» футбол командасының 2026 жылғы маусымға құрамы толық белгілі болды.  

«Қайрат» футбол командасы жаңа маусымға қатысатын құрамын таныстырды
Фото: «Қайрат» ФК

Команда құрамында бірқатар футболшының нөмірі ауысты. Өткен маусымда былтыр №72 жейдемен ойнаған Темірлан Анарбеков енді №1 жейдені таңдап отыр. Оған қоса былтыр №9 нөмірде жасыл алаңға шыққан шабуылшы Дастан Сәтпаевты жанкүйерлер алдағы уақытта №10 жейдемен жасыл алаңнан көреді.

«Қайрат» командасының 2026 жылғы құрамы

Қақпашылар: № 1 Темірлан Анарбеков, № 30 Данила Буч, № 82 Шерхан Калмурза;

Қорғаушылар: № 3 Луиш Мата, № 4 Дамир Қасаболат, № 5 Лев Кургин, № 14 Александр Мартынович, № 20 Еркін Тапалов, № 21 Әмірбек Базарбаев, № 24 Александр Мрынский, № 25 Александр Широбоков, № 44 Лукас Африко;

Жартылай қорғаушылар: № 6 Әділет Садыбеков, № 8 Олжас Байбек, № 11 Себастьян Себальос, № 13 Яакко Оксанен, № 17 Азамат Тұяқбаев, № 18 Дан Глазер, № 19 Ойва Юккола, № 27 Мұхамедали Әбіш;

Шабуылшылар: № 7 Жоржиньо, № 9 Эдмилсон, № 10 Дастан Сәтпаев, № 15 Мансұр Бірқұрманов, № 23 Рамазан Бағдат, № 99 Рикардиньо.

«Қайрат» биыл 2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде сынға түсті. Қазақстандық команда негізгі кезеңде сегіз ойында бір ұпайға қол жеткізді. Олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Қайрат» командасының қанша пайда тапқаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум