«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Чепиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» командасын қабылдады.
Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Соған қарамастан черногориялық футболшылар өзінің айып алаңында сауатты қорғана білді. Нәтижесінде бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де дәл осыған ұқсас жағдай өрбіді. Ойынның 76-минутында алматылық клубтан Лукас Африко есеп ашса, 90-минутта «Сутьеска» сапынан Марко Мрвальевич таразы басын теңестірді.
Ал 93-минутта «Қайрат» шабуылшысы Марк Гуаль қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша олар қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Енді командалар 15 шілдеде қарымта ойын өткізеді.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Айта кетсек, Конференция лигасындағы ойындарын «Астана» және «Елімай» бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы іріктеу кезеңінде «Астана» Албанияның «Динамо Сити», семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкерт» клубтарымен шеберлік айқасады.