Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қайрат Келімбетов электр энергиясына нормативтен тыс ысырапты жоюда кешенді шараларды қабылдауды жүктеді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов электр энергиясына нормативтен тыс ысырапты жоюда кешенді шараларды қабылдауды тапсырды.

Қайрат Келімбетов электр энергиясына нормативтен тыс ысырапты жоюда кешенді шараларды қабылдауды жүктеді

Агенттік алдына қойылып отырған жаңа міндеттерге тоқталған Қ. Келімбетов, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы агенттікті электр энергиясы мен суға нормативтік және нормативтен тыс ысырапты азайтуға байланысты жұмыстары бойынша сынға алғанын еске салып өтті.

«Үкімет агенттікке электр энергиясы мен суға нормативтік және нормативтен тыс ысырапты жоюды қамтамасыз етуді тапсырады. Бұл жұмыстар басқа да мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесе жүргізілетіні белгілі. Алайда, осы шараларды қысқа мерзімде атқарылуы тиіс. Мен жартыжылдыққа дейін кешенді шараларды қабылдауды және агенттік тарапынан тиісті іс-қимылдардың атқарылуын жүктеймін»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол осы ведомствоға тарифтерді қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мен тұтынушылар үшін сапалы қызметтерді көрсету тұрғысында ұйымдастыру және құқықтық тұрғыда кешенді шараларды қабылдауды тапсырды.