«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчқа санаулы күндер қалды. Алматының Орталық стадионында бұл маңызды кездесуге қарқынды дайындық жүріп жатыр.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұл ойынға ерекше қызығушылық бар — 23 мыңға жуық жанкүйерге арналған алаң билеттері небәрі төрт сағаттың ішінде түгел сатылып кетті. Алматыға жанкүйерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, алыс-жақын шетелден де әлемдік футбол жұлдыздарын өз көзімен көру үшін келеді.

Көгал мамандар бақылауында

Орталық стадионның басқарушысы Ерлан Адамбеков нысан толық дайын екенін айтты. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, ал көгал тәулік бойы мамандардың қарауында.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Көгал UEFA-ның төртінші категориясына сәйкес келеді. Біздің қызметкерлер оған тәулік бойы күтім жасайды: шөп егіп, кей тұсын қияды, әр бөлшегін бақылайды. Бүгін мұнда UEFA өкілдері келді, олар алаңның жағдайына оң баға берді, — деді Ерлан Адамбеков.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сондай-ақ ол жуырда өткен Backstreet Boys тобының концерті газонға ешқандай әсер етпегенін айтты.

— Біз алаңдаған едік, бірақ ауа райына байланысты көгал арнайы жылу оқшаулағыш жабынмен жабылды. Шөп қалыпты жағдайда қалды. Мамандар өте жақсы жұмыс істеді, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің қажеті болмады, — деді ол.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Трибуналар мен инфрақұрылым

Көрермендерге арналған орындарға да ерекше назар аударылып отыр. Алаң басшысының айтуынша, ірі шаралардан кейін кейбір орындықтарды ауыстыруға тура келеді.

— Қазір мониторинг жүргізіп жатырмыз. Стадионды концертке дайындадық, енді алдағы ойынға әзірлеп жатырмыз. Осы уақыт ішінде 1500 орындықты ауыстырдық. Бұл жұмыс жалғасады. Меніңше, 2-3 күннен кейін трибуналар матчқа толық дайын әрі жанкүйерлерге барынша жайлы болады, — деді ол.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қазіргі уақытта стадиондағы ресми орындар саны — 22 800. Бұрын 23 мың болған, бірақ телестудияларға орын берілгеннен кейін бұл сан азайды.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Айтуынша, стадион — тәулік бойы жұмыс істейді. Киім ауыстыратын бөлмелер, төрешілерге арналған бөлмелер және басқа да инфрақұрылым дайын. Матч алдында алаң бойына UEFA мамандары жеткізетін қосымша LED-экрандар орнатылады.

— Санитарлық тораптарға шағын жұмыстар жүргізіліп жатыр, олардың толық іске қосылуына аз қалды. Бұл маңызды, өйткені қалаға көптеген қонақтар келеді. Өйткені ойыннан бөлек адамдар мұнда жағдай қалай екені көргісі келеді, атмосфераны сезінгісі келеді. Сондықтан туристерге барлық қажетті жағдайымыз бар екенін көрсеткіміз келеді, — деді ол.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сонымен қатар суретшілер стадион қасбеттерін жаңартып, оған жаңа бейне салып жатыр. Орталық стадион штатында небәрі 23 қызметкер бар: 17 әкімшілік өкілі және техникалық қызметтің 6 маманы.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Тарихы бар стадион және болашаққа көзқарас

Орталық стадионның салынғанына 67 жыл толды. Ерлан Адамбеков алаңға ауқымды жаңғырту жұмыстары қажет екенін атап өтті. Жоспар бойынша мұнда заманауи орындықтар орнатылып, трибуналарға шатыр жабылады.

Сонымен қатар ол стадиондағы көгалдың ерекшелігіне тоқталып өтті.

— Біздің көгал бірегей. Шамамен 20 сантиметр тереңдікке дейін жасанды талшықтар өрілген. Мұндай технология жасыл желектің кез келген ауа райына шыдауына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек алаң жылыту және автоматты суару жүйесімен жабдықталған — шамамен 24 құрылғы автономды режимде жұмыс істейді. Газонның жағдайын тәулік бойы тәжірибесі мол, жоғары білікті агрономдар бақылайды. Олар бұған дейін 2018 жылғы әлем чемпионаты мен 2012 жылғы Еуропа чемпионаты секілді ірі турнирлерде қызмет еткен, — деді ол.

Алаң басшысы газонды күтіп-баптау өте қымбатқа түсетінін атап өтті. Айтуынша, өткен жазда аптап ыстықтан жасыл желек зақымданып, оны қалпына келтіруге қомақты қаражат пен күш жұмсалған.

Маман жаздың ыстығында мұнда концерт өткізбеген жөн деп санайды. Оның сөзінше, мұндай шараларды өткізудің оңтайлы уақыты — мамыр немесе қыркүйек.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қыс кезіндегі ойындар

Чемпиондар лигасы кестесіне сәйкес, «Қайрат» өз алаңында 21 қазанда «Пафосты», 9 желтоқсанда «Олимпиакосты» және 20 қаңтарда «Брюггені» қабылдайды.

— Желтоқсандағы матчта аяз болмайды деп ойлаймын. Ал 20 қаңтарда, әдетте, қатты суық болады. Егер температура шамадан тыс төмендеп, ойыншыларға әсер ете бастаса, UEFA жағдайды қайта қарайды деп ойлаймын. Халықаралық регламентке сәйкес, қатысушылардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін климаттық жағдайларда матч өтетін жер туралы бөлек шешім қабылданады, — деді ол.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Стадионға жылытқыштар орнату мүмкін бе» деген сұраққа ол бұл мәселе әзірге қарастырылмағанын айтты. Айтуынша, мұндай жүйелер тек кейбір спорттық нысандарда қарастырылған, ал Орталық стадионға енгізу үшін қосымша тексеріс пен келісімдер қажет.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадионда дайындық қалай жүріп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин маңызды ойын алдында команданың дайындығы туралы айтты.

Сондай-ақ жарақат алған «Қайрат» қақпашылары Темірлан Анарбеков пен Александр Заруцкийдің жағдайына тоқталды.

Соңғы жаңалықтар