Қайрат Сәндібеков Қостанай әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып Қайрат Сәндібеков тағайындалды.
None
None

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қайрат Сәндібековтің екі жоғары білімі бар: Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ды «экономика және бизнес» мамандығы бойынша, сонымен қатар Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетін «стандарттау, метрология мен сертификациялау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Соңғы жұмыс орны - Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.

Әкімнің жаңа орынбасарына экономика, өнеркәсіп, құрылыс, сәулет және жер қатынастары бойынша міндеттер жүктелді.

Сәндібеков Валерий Полешконың орнын басты. Валерий Полешко жемқорлыққа жол берді деген күдікпен орнынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар