Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген Алматыдағы бизнес орталығы саудаға шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Алматыдағы бизнес орталықтардың бірін аукционға шығарды. Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған.

Кәрім Мәсімовтің аукционға шығарылған сарайын ешкім сатып алмады
Фото: Pixabay.com

Бұл хабарландыру Мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz порталында жарияланды. Онда нысанның бастапқы бағасы 61 547 298 223 теңге деп көрсетілген. Сондай-ақ, кепілдік жарнасының сомасы да жазылған, яғни 9 232 094 734 теңге. Ал өтінім қабылдау 2026 жылдың 7 сәуірінде сағат 09:55-ке дейін жалғасады.

Сонымен қатар, хабарландыруда сауда-кеңсе орталығының Желтоқсан көшесінде орналасқаны, 9 қабатты және жалпы ауданы 63 920 шаршы метр екені жөнінде мәлімет бар. Бұдан бөлек ғимаратты 53 жалға алушы әртүрлі мерзімге жалға алғаны қамтылған.

Есіңізге салайық, 2024 жылдың тамыз айында Қайрат Сатыбалды мемлекетке 732,8 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын хабарлаған едік.

 

Алпамыс Файзолла

 

Соңғы жаңалықтар