Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 17 қаңтарда «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.

Түнгі клубтағы кісі өлімі: Сотталушыларға үкім шықты
Фото: Kazinform

Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды. 

«Жалпы ауданы 4 221,4 м² 3 объекті мен 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалдының ұлы) тиесілі «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды», - деп хабарлады прокуратурадан. 

Еске салсақ, бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар