Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Бокс федерациясы Қайрат Сәтжановтың бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

Кайрат Сатжанов
Фото: ҚБФ

Айта кетейік, Қайрат Тұрсұнқанұлы Сатжанов — 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.

Бапкерлік еңбек өтілі — 34 жыл.

2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.

2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.

Қ.Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.

2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.

2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.

Қайрат Сәтжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

«Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылуда, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді», — деп жазды ҚБФ-нан.

Соңғы жаңалықтар