«Қайрат» шағын футбол клубы Еременко кубогы турнирінің «төрттік финалына» шықты

АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қайрат» клубы шағын футболдан Латвияда өтіп жатқан Константин Еременко кубогы турнирінің «төрттік финалына» шықты.

«Қайрат» шағын футбол клубы Еременко кубогы турнирінің «төрттік финалына» шықты

«В» тобында Даугавпилс қаласында бақ сынаған алматылықтар Чехияның Теплице қаласының «Балтиквлор» командасын 10:5, Латвияның Рига қаласының «Раба» командасын 9:2 есебімен ұтып, Ресейдің «Тюмень» командасымен 3:3 есебімен тең түсті.

Енді олар өз тобындағы тюмендіктермен қатар «А» тобындағы 2 ресейлік «Газпром-ЮГРА» мен «Синара» футболшыларымен бірге жарыстың келесі кезеңінде күш сынасатын болады.