«Қайрат» шағын футбол командасының құрамы бразилиялық жаңа ойыншымен толықты
АЛМАТЫ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласының «Қайрат» шағын футбол командасының қатарына 2008 жылғы Әлем чемпионы
және УЕФА кубогының иегері атанған бразилиялық шабуылшы Бетаомен толықты. Жоао Барбоза жаттықтыратын алматылықтар биыл Сербияның Крагуевац қаласында УЕФА кубогының элиталық раундында төрттіктің финалына жолдама алған еді. 2013 жылдың сәуірінде олар енді Грузияның Тбилиси қаласының «Иберия-Стар», Ресейдің Мәскеу қаласының «Динамо» мен Испанияның Барселона қаласының «Барселона» командасымен сайысқа түседі. Олар бұған дейін Қазақстан чемпионатында 10 рет (1996, 2004-2012 жылдары) чемпион атынып, ел кубогын 8 рет (1999- 2000, 2005-2010 жылдары) иеленіп, УЕФА кубогының 2007 жылғы ширек финалисі, 2007-2008 жылдары жартылай финалисі атанып, 2009 жылы қола жүлдегер болған еді.