«Қайраттың» сенсациясынан кейін Қазақстан UEFA рейтингіндегі орнын жақсартты
«Қайраттың» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі нәтижелері Қазақстанға UEFA коэффициенттер кестесінде көтерілуге мүмкіндік берді.

Sports.kz спорттық порталының мәліметінше, 20 тамыздағы жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан 0,125 ұпай алып, 11,875 көрсеткішімен Косовоны басып озды. Осылайша қазақстандық клубтар 38-орынға көтерілді.
Глазгода өткен Чемпиондар лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында «Қайрат» шотландиялық «Селтикпен» 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 тамызда Алмтыда өтеді.
Айта кетейік, алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырды.