?Қайсар? командасының құрамы толық жасақталды

ҚЫЗЫЛОРДА.Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылорданың ?Қайсар? командасы кеше Түркиядағы соңғы оқу-жаттығу жиынын тәмамдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қызылордалықтар 23 ақпанда Шымкенттің ?Ордабасы? клубымен жасыл алаңға шықты. Бұл кездесудің қайсарлықтар үшін маңызы ерекше еді. Өткен жылы ?Қайсардың? бас бапкері болған Владимир Никитенко биыл шымкенттік командаға жетекшілік етеді. Аталған ойында ?Қайсар? футболшылары 2:1 есебімен басым түсті. «Қайсардан» Талғат Сыздықов пен Жасұлан Молдақараев доп соқты. Бұл ойыннан кейін ?Қайсар? командасының басшылығы мен бапкерлер құрамы сынақтан өтіп жүрген үш ойыншымен келісімшартқа қол қойды. Олар жартылай қорғаныс және шабуыл шебінде ойнайтын футболшылар саналады. Алғашқысы ? ресейлік Игорь Вознесенский. Ол 1985 жылдың 28 мамырында дүниеге келген. Ресейдің ?Локомотив? (Мәскеу), ?Орел?, ?Химки? және ?Шинник? командаларында ойнаған. Екіншісі ? молдовалық Виктор Берко. Ол қазақстандық жанкүйерлерге 2006-2007 жылдары ?Алматы? клубында ойнағанымен жақсы таныс. Австрияның ?Штурм?, Молдованың ?Зимбуру?, Ресейдің Шинник?, ?Орел? және ?Олимпия? клубтарында жасыл алаңға шыққан. В. Берко Молдова құрамасының сапында 11 ойынға қатысты. Сонымен қатар, 25 жастағы молдовалық шабуылшы Олег Храмцов та биыл ?Қайсардың? жейдесін киеді. ?Қайсардың? баспасөз хатшысы Әлібек Байшүленовтің хабарлауынша, команда құрамы толықтай жасақталған. Кеше жерлестеріміз Беларустың "Витебск" командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Соңғы жаңалықтар