Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

?Қайсар? Кубок үшін жарыс жолын жалғастырады

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Футболдан Қазақстан Кубогының 1/16 финалдық ойындары өтті. Қызылорданың ?Қайсары? сырт алаңда ?Ақтөбе-жас? командасымен кездесті,

?Қайсар? Кубок үшін жарыс жолын жалғастырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қызылордалықтар кездесу тағдырын ойынның бірінші кезеңінде-ақ шешіп тастады. Алғашқы допты қызылордалық қорғаушы Ерлан Шойтымов кездесудің 19 минутында соқты. Алған жарақатына байланысты былтыр біріншілік ойындарына қатыспаған ол, биыл бабына келген секілді. Келесі допты да 42 минутта қақпаға Ерлан енгізді. Сонымен қатар, ?Ақтөбе-жастың? қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын Асхат Борантаев мүлт жіберген жоқ. Ойын 3:0 есебімен «Қайсардың» пайдасына шешілді. Кубок ойындарында бірінші топ командаларының барлығы тәжірибелі бәсекелестерінен жеңіліс тапты. Жарыстың келесі сатысы ? Қазақстан Кубогының 1/8 финалдық ойындарының жеребесі енді тартылады.