19:31, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
?Қайсар? тағы бір ойыншымен толықты
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген Қызылорданың ?Қайсар? командасы төрт жаңа ойыншымен келісімшартқа қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы жылы футбол клубының негізгі қақпашысы Дмитрий Епифанов болады. Ол Мәскеудің ?Спартак? командасында тәлім алған. ?Қайсарға? келгенше Орынбордың ?Газовик? клубында ойнаған. Ресейлік қақпашы 1978 жылдың 31 қаңтарында дүниеге келген. Қорғаныс шебіне Евгений Овшинов пен Сергей Куцов келді. Екеуі де өткен жылы Талдықорғанның ?Жетісу? командасының сапында жасыл алаңға шықты. Бұл футболшылар Қазақстан азаматтығын алған. Жартылай қорғаныс шебін ресейлік Владимир Шипилов нығайтады. Ол биылғы жылдың 5 желтоқсанында 37 жасқа толады. Новороссийскінің ?Черноморец? командасында бұрынғы жылдарда капитан болған. ?Қайсар? командасының басшылығы мен бапкерлер құрамы енді екі ойыншымен келісімшарт жасауды жоспарлап отыр. Олардың есімі жақын күндерде белгілі болады. Қызылордалықтар 23 ақпанда Ресейдің ?Металлург? (Липецк) командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Біздің ?Қайсардың? сапынан Е. Овшинов көзге түсті. Бұдан кейін қайсарлықтар Шымкенттің ?Ордабасы? командасымен кездесіп, 2:1 есеімен жеңіске жетті. Соңғы жолдастық ойынын қайсарлықтар Беларустың ?Витебск? командасымен 26 ақпанда өткізіп, Қызылордаға 28 ақпанда оралады.