Қайсар Жұмабай Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне Қайсар Жұмабайұлы тағайындалды.
Қайсар Жұмабайұлының масс-медиа саласында мол тәжірибесі бар.
ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болған.
Қайсар Жұмабайұлының БАҚ және PR саласында тәжірибесі бар. Әр жылдары Алматыдағы қалалық «Столичное обозрение» газетінде, «Шаһар» телерадио кешенінде, «Қазақстан» РТРК, «Хабар» агенттігінде, TSC-group инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінде жұмыс істеді.
Кейін сол кездегі Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. Астана әкімінің кеңесшісі болды, елорда әкімдігіне қарасты «Елорда Аqparat» медиа-ресурсын басқарды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стратегиялық коммуникациялар орталығында Перспективалық зерттеулер орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Президентінің Іс басқарушысының кеңесшісі, ҚР ПІБ бас инспекторы-баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ерлан Текешов тағайындалғаны туралыд жаздық.