14:23, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қайсарлық Алдан Балтаев ? Қазақстан құрамасының мүшесі
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Күні кеше ғана футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған неміс маманы Бернд Шторк ақпанның 11-інде Түркия жерінде Эстония құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін құрамды анықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа бапкер белгілеген жаңа құрамда Қызылорданың ?Қайсар? командасының жартылай қорғаушысы Алдан Балтаев та бар. Жасы әлі 20-ға толмаған талантты жас футболшы осыған дейін Б.Шторк баптап келген еліміздің жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен еді. Енді неміс ұстаз оны ұлттық құрама қатарына қосып отыр. Осылайша ол былтырғы жылы Англия құрамасымен болған ойынды басқарған кезіндегі тәжірибесіне сүйеніп, жастар командасының қатарындағы түлектерін ересектер командасында сынап көрмекке бел буды. Тағы бір айта кететіні, осы команда сапында жақында ғана Астананың екі клубының бірігуінен пайда болған ?Локомотив? командасына ауысқан Қызылорда футбол мектебінің түлегі, сырбойылық команданың соңғы жылдардағы үзіліссіз капитаны Мақсат Байжанов та бар.