Қайталама нарықтағы тұрын үй бағасы жыл басынан бері шамамен 5,4% қымбаттады
АСТАНА. KAZINFORM – Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы әсіресе Қостанайда (+11.3%), Ақтауда (+8.5%) және Шымкенте (+7.3%), өсті деп хабарлайды Krisha.kz.
Қазан айында баға өсімі тежелді. Көптеген қалада баға өзгермеген. Сайттағы мәліметтерден Астана, Ақтау, Шымкент сияқты қалаларда керісінше арзандай түскенін көруге болады.
Алматыда үйдің шаршы метрі қыркүйектегі деңгейде қалды. Орташа баға ел бойынша шаршы метріне 404,2 мың теңге.
Ең қымбат баспана krisha.kz мәліметінше, Алматыда. Мұнда шаршы метрінің бағасы 768 мың теңге болады. Одан кейін тұрған Астанада 540 мың, Шымкентте 464 мың теңге. Ең қолжетімді баспаналар Қызылордада. Онда пәтердің шаршы метрі 257 теңге, Таразда 310 теңге болып тұр.
Осыған дейін сатып алған пәтерін 2 жылдың ішінде қайта сатқандар 10 пайыз салық төлейтіні туралы жаздық.