Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қайтарылған активтердің арқасында Алматының 2500-ден астам тұрғыны ауызсуға қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласы Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарған қаражат есебінен сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. 

Қайтарылған активтердің арқасында Алматының 2500-ден астам тұрғыны ауыз суға қол жеткізді
Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Осылайша, орталықтандырылған инженерлік инфрақұрылымның болмауына байланысты көп жылдан бері шешімін таппаған мәселе өз шешімін тапты: 21,6 км су құбыры, 24,7 км кәріз желісі, 15,6 км автомобиль жолы тартылып, 3 кәріз сорғы станциясы салынды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 921 абонент инженерлік желілерге қосылып, 2500-ден астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су мен су бұру жүйесіне тұрақты қол жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған нысанның инженерлік желілерін «Алматы Су» МКК-ның теңгеріміне беру рәсімі жүргізілуде. 

Айта кетелік қайтарылған активтер қаржысына Арқалық университеті толық жаңартылды.