Қайтарылмайтын ұшақ билеттері бойынша өзгеріс енгізу ұсынылды - Қоғамдық палата

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілісте авиациялық қызмет мәселесін талқылау кезінде Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ авиапаркке қатысты пікір айтты.

Тағы бір ақаулы ұшақ Ақтау әуежайына қонды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

- Қайтарылмайтын билеттер тақырыбы - принциптік мәселе. Бұл ретте, министрліктің ұстанымы мен қоғамдық сұраныс қиыспайды. Қайтарылмайтын билеттер мәселесі бойынша барлық тәуекел жолаушыға аударылған. Тіпті маңызды өмірлік жағдайларда да қаражатты қайтарып алу мүмкіндігінен айырады. Авиация - қаржылық құрал емес, әлеуметтік маңызды көлік түрі. Мемлекет келісімшарттың әлсіз тарапын - азаматты қорғауға міндетті, - деді Ғ. Байтоқ Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында.

Оның пайымынша, бұл мәселе бойынша тиісті шешім жасау керек.

- Біздің ұсыныс айқын, ішкі рейстердегі қайтарылмайтын билеттерге тыйым салу керек немесе кепілдендірілген қайтарым қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ осы мәселеде әуе көлігімен сапарлау күнін тегін өзгертуді пысықтауға болады, - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев FlyArystan-ның бұрынғы қызметкерінің ұшақ билетіне қатысты жариялаған ақпараты тексеріліп жатқанын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар