Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қайынағасын өлтірген азамат полицияға өзі келді

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарпт - Шығыс Қазақстан облысы полицейлері облыс орталығы тұрғынын өлтіру қылмысын әшкереледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайынағасын өлтірген азамат полицияға өзі келді

26 қаңтар күні Өскемен қаласының Левобережный полиция бөліміне 30 жастағы ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің ағасын өлтіргендігі туралы хабарлап, жасаған қылмысын толығымен мойындады. Күдікті Өскемен қаласы маңындағы саяжайлардың бірінде көңілдесі және оның 37 жасар ағасымен бірге тұрғандығы анықталды. Сол күні ішімдік ішу кезінде туыстардың арасында жанжал туындап, жәбірленуші қолындағы пышақты көрсетіп күдіктіге қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Құрықталған азамат пышақты алып, қасындағы дастарқандасының кеуде тұсынан бірнеше рет салып алған. Қанды оқиғадан соң олар қалған ішімдіктерін тауысып ұйықтап қалған. Келесі күні таңертең тіршілік белгілерін бермей жатқан қайын ағасының мәйітін көрген сезікті оны отын жинайтын бөлмеге әкеліп тастаған. Оқиға орын алған ауданда ұялы байланыстың ұстамайтындығы себепті ол полицияға хабар бере алмаған. Сондай-ақ, қалаға келіп кінәсын мойындауға ауа-райының қолайсыздығы да кедергі болған көрінеді. Ауа-райы тұрақталғаннан кейін аталған азамат Өскемен қаласына келіп, полицияға қанды оқиға туралы айтып берді.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында отын жинайтын бөлмеден кеуде тұсында пышақ жарақаты бар жәбірленушінің мәйіті табылды. Саяжайды тінту кезінде қоңыр түсті дақтары бар қылмыс қаруы табылып, тәркіленді. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда.