Қаза тапқан орманшының әйелі Президентке жүгінді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Президентпен кездесуде алапат өрт салдарынан қаза тапқан Алексей Губаевтың жұбайы Татьяна Будюк Мемлекет басшысына сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

Ол күйеуінің қызмет барысында неліктен орманда жеке көлігімен жүргенін сұрады.

«Орман шаруашылығы филиалында жағдай үнемі осылай. Көліктерінің не қосалқы бөлшектері жоқ, не дені дұрыс техника жоқ. Үнемі бұзыла береді. Жолдасым жұмыстан шығу үшін арыз жазды, басшылық қол қоймай қойды. Неге олай істеді? Менің ойымша, бұл жағдайға орман шаруашылығы кінәлі. Енді әрі қарай қалай өмір сүремін? Балама не айтамын? Жұмыс істей алмаймын, кредиттерім бар», - деді Татьяна Будюк.

Мемлекет басшысы қолынан келгенді жасауға уәде берді.

«Сұрағыңыз орынды. Бұл қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі жауапқа тартылады. Отағасы енді қайтып келмейді. Ал отбасы жағдайыңызға келсек, материалдық қаржылық көмек көрсетіледі. Сіздер мұқтаждық көрмес үшін қолымнан келгенді жасаймын, осы отбасылар менің жеке бақылауымда болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар