«ҚазАгро» 7 млрд. 185 млн.теңгенің 16 жобасын пайдалануға берді
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі жалпы сомасы 7 млрд. 185 млн.теңгенің 16 жобасын пайдалануға берді.
Оның ішінде 3 млрд. 962,2 млн. теңгенің 3 жобасы Ұлттық қордың қаражаты есебінен және 3 млрд. 222,8 млн. теңгенің 13 жобасы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылды. Пайдалануға беру кезеңінде 365 жұмыс орны құрылған.
Сонымен қатар, 54 млрд. 146,88 млн. теңгенің 49 жобасы әлі іске асыру кезеңінде. Бұл ретте 48 млрд. 26,98 млн. теңгенің 41 жобасы Ұлттық қордың қаражаты есебінен қаржыландырылса, 6 млрд. 119,9 млн. теңгенің 8 жобасы республикалық бюджеттің және басқа көздердің қаражаты есебінен қаржыландырылады.