«ҚазАгро» Алматы облысында 12 089,45 млн. теңгенің 24 инвестициялық жобасын жүзеге асыруда
АЛМАТЫ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды қаржыландырудағы «ҚазАгро» холдингінің үлесі 19 954 миллион теңгені құрауда.
Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық басқару хлодингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов Есік қаласында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен болған кездесуде айтты.
«Алматы облысында холдинг компаниялары 12 563,69 млн. тенгеге 24 инвестициялық жобаны іске қосты. Олардың ішінде - «Бижан» ЖК шұжық өнімдерін өндіру цехы, «Kazakh Cool» ЖШС жеміс-жидек сақтау қоймасы, «Айдарбаев» ШҚ сүтті-тауар фермасы, «Баканас» АТК балықты қайта өндіру зауыты, «Шығыс-Қаратал» ЖШС жылыжай кешендері және тағы басқалар бар», - дейді Қ.Айтуғанов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда «ҚазАгро» Алматы облысында 12 089,45 млн. теңгеге 9 жобаны жүзеге асыруда. Олар - «Green House-Зеленый дом» ЖШС жылыжай кешені, «Алатау Құс» құс фабрикасын жаңғырту, «Жетісу» ӘКК бордақылау алаңын құру, «КазНИИМЭСХ» ЖШС ауылшаруашылық техникасын жинақтау жобасы, «Медеу Коммерц» ЖШС сүтті-тауар фермасы, «Адал» АПК» АҚ жұмыс істеп жатқан сүтті-тауар фермасын қайта құру және басқа да жобалар.
Жалпы Алматы облысында қазір 24 653,14 млрд. теңгенің 33 инвестициялық жобалары жүзеге асырылып жатыр. Оның 19 954 млн. теңгесін «ҚазАгро» қаржыландырып отыр.