«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 1 миллион тонна астық сатып алады

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі 1 миллион тонна астық сатып алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аграрлық өнеркәсіп субъектілерін несилендіру мәселесіне тоқталған ол, «бұл бағытта бүгінде 44 миллиард теңге көлеміндегі қаржы нақты қаржыландырылды. 74 миллиард теңгенің өтініштері мақұлданып, келесімшарттарға қол қойылды», - деді. Оның айтуынша, осы аптада 10 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру шаралары жоспарланып отыр. Осыған байланысты аптаның соңына қарай 55 миллиард теңгеге тарта сомада қаржыландыру қарастырылып отырғандығын жеткізген А. Мамытбеков, өткен аптада экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия 1 миллион тоннаға жуық астықты тікелей сатып алуды мақұлдағанын, бұл мақсатқа 20-25 миллиард теңге тарта қаржы жұмсалатындығын айтты.
Соңғы жаңалықтар