«ҚазАгро» журналистер арасында байқау жариялайды
ТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен холдингтің 5 жылдығына арналған,
агроөнеркәсіптік кешені саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы материалдар конкурсын жариялайды.
Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай, негізгі тақырып - Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы Елбасының тапсырмаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша мемлекеттің жұмысы нәтижелерін жариялау.
Конкурстың негізгі мақсаты - агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттің жұмысы туралы тұрғындарды ақпараттандыруын көтеру.
Конкурсқа республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары, телестудиялар, ақпараттық агенттіктер, веб-порталдардың өкілдері қатысады. 2011 жылғы 1 қаңтардан 30 қарашасына дейін жарыққа шыққан баспа және электрондық материалдар холдингке 2011 жылғы 1 желтоқсанына дейін жолданады.
Құрамына холдинг, оның еншілес акционерлік қоғамдарының өкілдері енгізілген конкурстық комиссиясы бекітілді.
Толық ақпаратты www.kazagro.kz сайтынан немесе G.Turzhanova@kazagro.kz поштасына жазып, ала аласыздар.