«ҚазАгроФинанс» тамшылатып суару қолданылатын техникалық дәнді дақылдар өндірісін қаржыландыруды ұлғайтуға ниетті

АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - «ҚазАгроФинанс» тамшылатып суару қолданылатын техникалық дәнді дақылдар өндірісін қаржыландыруды ұлғайтуға ықылас танытып отыр. Бұл жайында аталған мекеменің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған.
None
None

«ҚазАгроФинанс» АҚ-ына Қазақстанның оңтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы өндірушілерінен пленка жабын астында тамшылатып суару технологиясы бойынша мақта, сонымен қатар күнбағыс пен жүгері өсіруге өтініштер түсуде. Компания 2010 жылғы инвестициялық жобаларға «тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы техникалық дәнді дақылдар өндірісі» қосымша бағытын енгізу туралы өтініш беруді жоспарлап отыр», делінген.

Қазіргі уақытта жарияланған инвестициялық жобалардың 2 іріктеу конкурсы шеңберінде 130 өтініш берілген. Оның ішінде жалпы сомасы 22,9 миллиард теңгені құрайтын 17 жоба бойынша оң шешім қабылданған.

Соңғы жаңалықтар