«ҚазАгроҚаржы» инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемін арттырады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 2010 жылы агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыруға 45 миллиард теңгеден астам қаржы бағыттауды жоспарлап отыр,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Өздеріңізге мәлім, ауылдағы инвестициялық жобалар Үкіметтің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарына сәйкес және агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингке бөлінген қаражат шеңберінде қаржыландырылады.

«ҚазАгроҚаржы» өткен жылдан бері еліміздің ауыл шаруашылығындағы алты бағыт бойынша перспективалық жобаларды қаржыландырып келеді. Әңгіме қазіргі заман ірі-тауарлы сүт фермаларын, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және дамыту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру мен жеміс-көкөніс дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу жөнінде болып отыр. Өткен жылдың аяғына қарай компания жалпы сомасы 10,9 миллиард теңгеге әр түрлі 13 жобаны іріктеп, қаржыландырды.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерден өтінім қабылдау жұмысы жүріп жатыр және компанияның несие комитеті қазір жобаларды қарау үстінде. Қаржыландыру жөнінде түпкілікті шешімді Қоғамдық комиссия шығарады, оның құрамына ҚР Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» Ұлттық холдингтің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енеді.

Инвестициялық жобалармен бірге «ҚазАгроҚаржы» меншікті өз қаражаты, тартылған және бюджеттік қаражат есебінен қайта өңдеу саласын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалар паркін жаңартуды қаржыландыруды жалғастырады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға жанама жабдықтардың жеткізушілерімен және өндірушілерімен компанияның жасасқан шарттары бойынша ақша сомасы 12 миллиард теңгені құрайды. Шарт жасасу жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Айта кету керек, техника сатып алу кезінде басымдық отандық өндірушілерге беріледі. Мысалы, «ҚазАгроҚаржы» «СемАз» ЖШС-нен шамамен 300 бірлік «Беларус» тракторын сатып алды. Басқа да қазақстандық кәсіпорындармен - техника мен жабдықтың кең спектрын - тракторлар мен комбайндардан бастап, дестелегіштер, сепкіштер мен десте жинағыштарға дейін жасап шығару жұмысын жөнге салған компанияның дәстүрлі серіктестерімен жұмыс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар