«Казахстанская правда» газетінің негізінде «Weeкly News» апталық газеті және «Еуропаға жол» жұрналы ашылатын болады

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мәдениет және ақпарат министрлігі «Казахстанская правда» газетінің базасында «Weeкly News» апталық жаңалық газетін және «Еуропаға жол» жұрналын ашуды көздеп отыр. Бұл туралы осы министрліктің басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгінгі алқа мәжілісінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұл жұмыс еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының имиджін күшейту мақсатында ұйымдастырылғалы отыр. Бұл міндетті шешу «Арна медиа» холдингінің құзіреті мен жауапкершілігіне жатады. Министр, сондай-ақ қазақстандық ақпараттық өнімнің, әсіресе теледидарлық салада, сапасын арттыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл үшін мемлекеттік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын тақырыптық саралуды аяқтау қажет. М. Құл-Мұхаммед министрлік үшін 2009 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің заңнамаларын сақтауын қамтамасыз ету басым міндет болатынын айтты. Бұдан бөлек, саланы дамытудың барлық мәселелері бойынша медиа қоғамдастықтармен алдағы уақытта да сындарлы жұмыс жалғасатын болады.
Соңғы жаңалықтар