Қазақ аграрлық зерттеу университетінің 5 жылдық даму бағдарламасы бекітілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 5 жылға арналған даму бағдарламасы бекітілмек. Үкіметтің аталған бағдарламаға қатысты қаулы жобасын келісу процедурасынан өткізіп жатыр. 

Қазақ аграрлық зерттеу университетінің 5 жылдық даму бағдарламасы бекітілмек
Фото: СҚО әкімдігі

— Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен келісу процедурасынан өтіп жатыр. Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат талап ететінін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта Республикалық бюджет комиссиясында қарау үшін қаржы-экономикалық негіздемесін келісу процедурасын жүргізіп жатыр, — делінген Премьер-министр Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы басталған инвестициялық жобаларды аяқтау үшін бейінді ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықтарды сенімгерлік басқару келісімшарттарын ұзартуға қатысты ұсынысқа да жауап берді.

— «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, сенімгерлік басқару мәселесі «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» ҰАҚ директорлар кеңесінің құзіретіне ғана кіреді. Осыған орай тиісті шешімді аталған еншілес ұйымдардың сенімгерлік басқару аясындағы қызмет қорытындысын қарастыру нәтижесі бойынша орталықтың директорлар кеңесі қабылдайды, — деді ол.

Бұған дейін 2030 жылға қарай агроөнеркәсіп кешеніне 63 мың маман қажет болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум