Қазақ агротехникикалық университетінде Сәкен Сейфуллинге арналған кеш өтті

Бұл туралы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Гүл шоқтарын қою рәсімі кезінде сөз алған университет ректоры Ақылбек Күрішбаев белгілі қоғам қайраткерінің өмір жолы туралы айта келіп, ақын атымен аталған университетте оқу әр студентке азаматтық жауапкершілік жүктейтініне тоқталды.
Сонымен қатар, 1 минуттық үнсіздік жарияланып, баба рухына тағзым етілді.
Сәкен Сейфуллиннің туған күніне арналған кездесу кеші барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайыл ақынның тар жол тайғақ кешкен өмір жолдарынан дәріс оқып, журналистік қырларына да ерекше тоқталып өтті.
Студенттер тарапынан депутатқа қойылған сауалдар қатарында Сәкентану туралы және Алдан Смайылдың депутаттық жұмысына қатысты да көкейтесті сұрақтар болды.
Еске алу барысында Сәкен Сейфуллин әндерін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің студенті Нұртай Шәкен асқақтата шебер орындады.
Бұл шара - ұлыларды ұлықтау мақсатындағы ұрпақ жауапкершілігінің артқанының бір көрінісі болды.