Қазақ балуандары көшпенділер ойынындағы үшінші алтынын жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті.

медаль
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Оны 52 келі салмақта Назерке Азаматова жеңіп алды. Ол финалда Өзбекстаннан келген С.Муродовадан айласын асырды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева мен ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүгін жарыс жолына шыққан қазақстандық 8 балуанның барлығы финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғызстандық көкпаршылар Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ойсырата ұтты.

Соңғы жаңалықтар