16:05, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Қазақ елінде сан ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі - Ата заңның арқасы
ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақ елінде сан ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі - Ата заңның арқасы. Бұл туралы Орал қаласында тұратын зейнеткер, татар ұлттық-мәдени қоғамының мүшесі Рамия Қожаева мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, ең басты байлық - елдегі тыныштық. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін ұстанып, мәдениетін, тілін дамытуына мүмкіндік алып отыр. Әсіресе, жастардың алды ашық, болашағы жарқын болсын. Биылғы Конституция мейрамының ораза айымен тұспа-тұс келуі де ерекше көңіл-күй үстейді. Адамдардың бір-біріне мейірбан болып, достық пен келісім арқылы ел іргесін бекіте түсуіне әсер етеді. «Ата заң құтты, Елбасымыздан бастап бәріміздің денсаулығымыз мықты болсын, Ораза қабыл болсын», деді ардагер.