19:04, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
«Қазақ елінің тарихы» кітабының қазақша нұсқасы жарық көрді
АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қазір қазақтың рухын көтеріп, тарихты тануға жол ашатын кітаптар қажет.

Тарихшы Ермұхан Бекмахановтың 1943 жылы жазған «Қазақ елінің тарихы» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының кеше, Алматыда өткен таныстырылымында осылай айтылды.
"Өткен жылы Болатхан Тайжан қоры басып шығарған орыс тіліндегі бұл кітаптың алғысөзін жазған едім. Енді бүгін міне бұл шығарманы ана тілімізде оқуға мүмкіндік туып отыр. "Қазақ елінің тарихы" 1943 жылы Ермұхан Бекмахановтың кәсіби деңгейде жазған туындысы. Қазір қазақ жастарына, әсіресе, студенттерге қазақ тіліндегі тарихи кітаптардың объективті түрі ауадай қажет. Ал, осы кітап сол қажеттіліктің орнын толтырады", - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбек.