Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотошеру қатысушылары Қарағандыда болды (ФОТО)

Әйгілі байкер Дмитрий Петрухин қарағандылық спортшылармен Әлия Молдағұлова атындағы спорт саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының қабырғасында жүздесті.
«Мен Қазақстан туымен 150 елде болып, 250 мың шақырым жол жүрдім. Биыл біз ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз. Қазіргі Қазақстанның өсіп-өркендеуінің арқасында біз өткен замандардағы батырларымыз жайлы көбірек біле бастадық», - деді Д. Петрухин. Айта кетейік, 29 тамызда Алматы қаласынан шыққан мотошерушілер 11 қыркүйекте негізгі мерейтойлық шаралар өтетін Астана қаласына келсе, 9 қазанда негізгі мерейтойлық шаралар жалғасатын Тараз қаласына жетеді. Мотошеру жол бойы Қарағандыдан басқа Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Актөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және т.б. қалаларда болады. Мотошерушілер әрбір аймақтың басшыларына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізеді және Қазақстан тарихында маңызы зор тарихи жерлерге барады. Шеру шамамен 40 күнге созылады. Мотошеруді «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И.Петрухин бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.