Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мотошеру 11 қыркүйекте Астанаға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байкерлердің мотошеруі басталды.
None
None

Аталған мотошеруді «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И.Петрухин бастамасымен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

Мотошерудің мақсаты Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын еліміздің барлық аймақтарында жалпыұлттық деңгейде атап өтуді насихаттау болып табылады.

29 тамызда Алматы қаласынан шыққан мотошерушілер 11 қыркүйекте негізгі мерейтойлық шаралар өтетін Астана қаласына келсе, 9 қазанда негізгі мерейтойлық шаралар жалғасатын Тараз қаласына жетеді. Мотошеру жол бойы Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Актөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және т.б. қалаларда болады.

Мотошерушілер әрбір аймақтың басшыларына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізеді және Қазақстан тарихында маңызы зор тарихи жерлерге барады.

Шеру шамамен 40 күнге созылады. Аталған шеру Қазақстанның көптеген өңірлерін қамтитындықтан халық ең көп қатысатын ауқымды шаралардың біріне айналады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар