Қазақ киносында ерекше қадам жасалды - ҚР халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази

        АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Қазақ киносында ерекше қадам жасалды.
None
None

Бұл  тақырыпта, мұндай стильде, мұндай қолтаңбада бұған дейін ешкім фильм түсірген жоқ. ҚР халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази  Ақан Сатаевтың  «Адасқан» деп аталатын мистикалық триллерінің тұсаукесерінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше бұл қазақ киносындағы алғашқы кәсіби тұрғыда түсірілген терең пәлсафасы, салмақты ойы бар шығарма. Ол астармен, суреткерлік өремен жасалған деп есептеуге болады. Ойлы көрермен көріп отырып көп нәрсені қайта ойланатын сияқты. Ақанның бұл туындысы қазақ киносында бұрынан келе жатқан таптаурын боп кеткен кино түсіру әдіснамасын, жолын қарапайым ғана сюжетпен өзгертетін  халықаралық стильдегі әртүрлі тағлымдағы көрермендердің талқысына салып,  ұялмай көрсететіндей етіп шығарылған», дейді Тұңғышбай әл-Тарази. Оның пайымдауынша, коммерциялық жоба болғандықтан оны еуропалықтар қалай қабылдар екен деп қорқудың керегі жоқ. Олардың да өнерге деген көзқарасы бізге ұқсас. Тек оның жолдары, шешімдері, тағлымдары әртүрлі. Біз көбінесе көрерменді тәрбиелейтін, ақыл айтатын, уақиға қуатын фильмдерге әуеспіз.

Соңғы жаңалықтар