Қазақ күйі Қызыл алаңда тұңғыш рет орындалды

rong> Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Өткен сенбі күні қазақстандық әскерилер «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысты.
None
None

ТМД елдерінің ішінде осы мерекеде өздерінің өнерлерін көрсеткен жалғыз ғана қазақстандық делегация болды. Өнер ұжымына Құрметті қарауыл ротасының командирі капитан Қанат Әзімбаев басшылық жасады, ал Президенттік оркестрдің бастығы подполковник Талғат Бердіғұлов дирижерлік етті.

 Қазақстандықтардан басқа фестивальға Ресейдің, Ұлыбританияның, Израильдің, Үндістанның, Италияның, Қытайдың, Финляндияның және Францияның өнер ұжымдары қатысты.

Қазақстандық ұландар домбырамен Құрманғазының күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті.

Соңғы жаңалықтар