18:01, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақ мәдениетіне көшпелілер деген атауды жөн-жосықсыз жабыстырудың қажеті жоқ ? «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ мәдениетіне көшпелілер деген атауды жөн-жосықсыз жабыстырудың қажеті жоқ. Халық үні» қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы Совет-Хан Ғаббасов Алматыда өткен «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» деген дөңгелек үстел мәжілісінде осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Халықтың Алаш деген аты бар. Қазақ деген атауға 15-ші ғасырда ие болдық. Қазақ өзін көшпелі деп атамаған. Шетелдік саяхатшылар қазақтың тұрмыс-салтын көріп өздеріне таң дүние болған соң осылай атаған. Өз басым көшпелі деген сөзді қорлау деп санаймын. Оны жөн-жосықсыз қолдануды тоқтату керек», - дейді педагогика және медицина ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов. Ғалымның пайымдауынша, «өзгелерге еліктеуді тоқтататын кез келді. Бұл істі қолға алмай, халқымыздың тарихын, ұлтымыздың қасиетін өзгеге әйгілей алмаймыз. Барды бағалап, жоқты түгендемейтін болсақ, ата-баба дәстүрін өзгелердің меншіктеп алуына жол ашып береміз».