Қазақ өнерінің саңлақтары: Роза Рымбаева

АСТАНА.ҚазАқпарат - Роза Рымбаева - әнші, Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. 1957 жылы Семей облысында туған.
None
None

Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңғызтөбе стансасында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, 3 жыл оқыды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркемөнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.

1976-1979 жылдары Республикалық Гүлдер жастар - эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық деңгейде танымал болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталды. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала - 83» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» тәрізді халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ киноактриса ретінде де танымал.

Көптеген халықаралық конкурстардың Гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фестивалінің сыынында өнер көрсетті және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.

Соңғы жаңалықтар