«Қазақ темір жолы» жыл қорытындысын шығарады
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚвазАқпарат - Ертең «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бас кеңсесінде ведомствоның 2012 жылғы жұмыс қорытындыларына және биылғы жылдың басымдықты міндеттеріне арналған кеңес өтеді.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Өткен жылды ұлттық компания көптеген табыстармен аяқтады. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы табыстары үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына «Индустрияландыру көшбасшысы-2012» сыйлығы тапсырылды.
Бұл сыйлықты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасының жобаларын таныстыру бойынша жалпыұлттық телекөпір аясында табыс етті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жыл қорытындыларына арналған кеңесіне ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов қатысады деп күтілуде.