Қазақ тілі Мажарстанда танымалдылыққа ие болуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының елшісі Нұрбақ Рүстемов жыл сайын қазақ, орыс, моңғол және белорусь тілдері курсын ұйымдастыратын Лакителек халықаралық институтына барды. Қазақ тілін меңгеру тобы венгриялық жастар арасында жоғары сұранысқа ие. Ұлы даланың мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген қызығушылық жыл санап артып келеді, деп хабарлайды Мажарстандағы ҚР Елшілігі.
None
None

null
Н.Рүстемов Мажарстан мемлекеттік жиналыстар төрағасының орынбасары, институт директоры Шандор Лежак пен оқу ордасының студенттерімен кездесу барысында заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі кезеңдері мен Тәуелсіздік жылдарындағы елдің басты жетістіктері туралы айтты, сондай-ақ мажарстандық аудиторияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерімен таныстырды.

Қазақстандық дипломат біздің еліміз білім және ғылым  жаһандық жүйесінің интеграциясы үшін, рухани бірлікті қамтамасыз ету үшін қажет болып табылатын қазақ тілін латын әліпбиіне көшу жолында тұрғанын атап өтті.
null

Бұдан бөлек, ол Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынастың тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстың арқасында стартегиялық кезеңге өткенін айтты. 

Кездесу барысында Елші болашақта қазақстандық жоғары оқу орындарында жоғары білім алуды жоспарлап жүрген студенттердің қазақ халқының салт-дәстүрі туралы қойған сұрақтарына жауап берді.
null

Бұған қоса, аудитория назарына мажар тілінде Қазақстан туралы деректі фильм ұсынылды. Сондай-ақ, Елшілік тарапынан қазақ тілі, әдебиеті бойынша оқу құралдары мен сөздіктер сыйға берілді, ал студенттерге естелік сыйлықтар сыйға тартылды. 

Соңғы жаңалықтар